02.04.2024, 11:25
Саясат
Тоқаев су басып жатқан өңірлердің біріне барады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
Фото: t.me/aqorda_resmi
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні су басып жатқан өңірлердің біріне баратыны белгілі болды. Дегенмен, Президенттің нақты қай облыс, қай ауданға баратыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - деп жазды Уәли.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді