Отандық және шетелдік инвесторлар алғашқы үш жылда салықтан босатылады – Тоқаев
Ол өңдеуші индустрияға елеулі серпін беретінін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологияға зиян келтіретін кәсіпорындар жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқықты қамтамасыз етуі керек. Кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту керек», - деді ол.
Президент атағандай, Үкіметтің міндеті-2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын қазіргі бір жарым миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу.
«Басым міндеттердің бірі "жаңа мұнайға" айналған сирек және сирек жер металдарының кен орындарын игеру болуы тиіс. Осы салада өз әлеуетін іске асыра алатын елдер бүкіл әлемнің технологиялық прогресс векторын айқындайтын болады. Жыл соңына дейін біз саланы дамытудың кешенді пайымын әзірлеуіміз керек. Өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет. Бұл өңдеуші индустрияға елеулі серпін беруі тиіс қағидатты сәт», - деді ол.
Авторы: Аягөз Құрмаш