01.07.2023, 10:40
Саясат
Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бұл қызметке Серік Мұхамедиев келді
Фото: gov.kz
СҚО әкімінің өкімімен Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Серік Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы; Көкпекті ауданында туған.
Білімі, мамандығы:
- Өскемен құрылыс-жол институты (1989). Мамандығы «Инженер»
Еңбек өтілі:
- 2562 автоколоннаның пайдалану бөлімінің бастығы, Алматы (1989);
- «АВТО Холдинг компаниясы» ЖШС экономист, коммерция жөніндегі орынбасары, сауда-коммерция бөлімінің бастығы, директоры;
- «AJ Trade» ЖШС директоры;
- «Достар плюс компаниясы» ЖШС қаржы директоры;
- «Dega Plus» ЖШС қаржы директоры
- Жоспарлау-сметалық және шарттық жұмыс бөлімінің бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары (07.2010-03.2016);
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы (03.2016-10.2021);
- Соңғы лауазымы: Солтүстік Қазақстан облысы Ғабита Мүсірепов ауданы әкімі.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды