10.11.2021, 11:23
Саясат
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Ол соңғы рет жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған.
Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.
Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.
- 2008-2016 жж. – «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.
- 2016-2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды.
- 2017-2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.
- 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды