ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Нұр-Сұлтанда вакцина алып, пәтер ұтқан жеңімпазға тұрғын үй сертификаты табысталды

Ол Есіл өзенінің жағалауында орналасқан пәтерді жеңіп алды

Елордада 11 қазанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы ойынының жеңімпазына G-Park компаниясының тұрғын үй сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтанда егу пунктерінде вакцинацияланған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті. Оған 25 маусымнан 28 қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші компонентін алған азаматтар қатысты. Жеңімпаз Birge платформасында анықталды, онда арнайы рандомайзер қызметі орнатылып, вакцинацияланғандардың ID-ін құру арқылы сыйлық иелерін таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Оның үш баласы бар, елордаға 2010 жылы көшіп келіпті.

«Тәтем қоңырау шалып, сен пәтер жеңіп алдың деп айтқан кезде, біразға дейін сене алмай жүрдім. Жездем ұтыс ойынын тікелей эфирде көрген екен. Біз отбасымызбен бірге бұл оқиғаға өте қуаныштымыз. Шексіз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, барлық тұрғындарды вакцинациялануға шақырамын, тек осылай ғана өзіміздің жəне айналамыздағы адамдардың денсаулығын сақтай аламыз», - деп ойымен бөлісті ұтыс ойынының жеңімпазы Әсемгүл Ысқақова.

Сонымен қатар, екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны күні екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т. б.