ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Қазақстаннан Испанияға экспорт көлемі ұлғайды – Сауда министрлігі

Қазақстандық кәсіпорындар шикізаттық емес экспортты 620 млн долларға жеткізе алады

Фото: ашық дереккөзден

Мадридте ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Шиана Маргарида Мендес Бертолоның тең төрағалығымен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық аралас комиссияның 9-шы отырысы өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда, өнеркәсіп, көлік, денсаулық сақтау, экология саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды, сондай-ақ екі елдің тауарлары мен қызметтері нарығына қолжетімділікті жақсарту мүмкіндіктері қаралды. Қайрат Төребаев испандық әріптестеріне 75 тауар позициясын жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынды. Олар бойынша қазақстандық кәсіпорындар шикізаттық емес экспортты 620 млн долларға жеткізе алады.

Қазақстандық бөліктің тең төрағасы Қайрат Төребаев қазақстандық экспортты ілгерілету бөлігінде ынтымақтастықты жолға қою үшін MAXAM, CESCE, ICEX және AJUSA мемлекеттік компанияларының басшыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

«2021 жылғы 8 айда біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда 68%-ға өсіп, 1.2 млрд долларды құрады, бұл ретте Қазақстаннан Испанияға экспорт 83,8%-ға (1,1 млрд доллар) ұлғайды», - делінген ведомство хабарламасында.