ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан мен АҚШ арасында әуе рейсі ашылады - елші Уильям Мозер

Жақында екіжақты келісімшартқа қол қойылады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер екі мемлекет арасындағы әуе рейсінің қашан ашылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозердің сөзінше, әуе рейсін ашу туралы өзара ұзақ келіссөздер жүргізілген. Енді екіжақты келісімшартқа қол қойылу керек.   

«Қазақстандықтарды Америкаға жіберу – менің де көздеп отырған мақсатым және қазақстандықтар АҚШ-қа барып, менің елімді, менің жерімді барып көруі, мемлекетімді тамашалап, біздің қоғам қалай жұмыс істеп жатқанын көзбен көруі өте маңызды. Біз әрине, келісімшартқа қол қоюды асыға күтудеміз. Мұны іске асыру үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істедік. Арамызда талқылау, келіссөздер болды. Иммиграциялық режимді қарастыру және америкалықтадың Қазақстанда жұмыс істей алатыны туралы мүмкіндіктер секілді бірқатар шаралар іске асырылды. Сондай-ақ техникалық мәселелер де бар. Біз ешқандай кедергілер болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді елші Алматыда журналистермен өткен онлайн кездесуде.  

Сонымен қатар, елші Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы да айтты.

«Ресейге қарсы санкцияларды салғанда біріншіден, біз Ресейдің іс-қимылын өзгерту үшін қолданамыз. Бұл Қазақстанға ықпал етпейді. Біз жағымсыз әсері болмау үшін Қазақстанмен бірге жұмыс істейміз. Ол үшін америкалықтар да жұмыс істеп жатыр», - деді Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы