$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 11:40
Саясат

Ресейлік азаматтар үшін АҚШ-қа баруға виза беру тоқтатылуы мүмкін

Бұл туралы АҚШ дипломаты Джон Салливан мәлімдеді

Ресейлік азаматтар үшін АҚШ-қа баруға виза беру тоқтатылуы мүмкін
Джон Салливан, фото: ТАСС

Мәскеудегі АҚШ елшілігі Ресей азаматтары үшін виза беруді тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оған елшіліктегі қызметкерлер санының қысқаруы себеп болып отыр, деп хабарлайды РБК.

АҚШ-тың Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Джон Салливан 1 тамыздан бастап Мәскеудегі елшілікте санаулы ғана адам жұмыс істейтінін айтты. Айтуынша, олар келіп түскен өтініштерді қарастырып үлгермейді. Сондықтан мамандар консулдық қызметтерді тоқтатуға мәжбүр.

«Виза алуға америкалықтар да, ресейліктер де мүдделі. Бұл АҚШ пен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынастың кесірінен туындаған мәселе. Әрине, бұл қарапайым адамдарға, бизнесмендерге, халықаралық кәсіпорындарға айтарлықтай соққы болатыны сөзсіз», - деді елші.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей өзі бастама көтеріп, Мәскеудегі АҚШ елшілігінің жұмысына шектеулер қойған болатын. АҚШ пен Чехия мемлекеттерін «қара» тізімге енгізіп, елшілік қызметкерлері Вашингтонға қайтып кетті. Бұған жауап ретінде Америка да санкциялар енгізіп, Ресей дипломаттарын елге қайтарған болатын. 23 сәуірде РФ президенті Владимир Путин кейбір батыс мемлекеттерінің елшіліктерінде қызметкерлер санын шектеу туралы жарлыққа қол қойды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ресей #АҚШ #Виза