ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы мен Өзбекстан басшысы бір-бірін Жеңіс күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтады

 
Фото: inform.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен және Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Тараптар екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін дәстүрлі тату көршілік, өзара сенім және сан ғасырлық достық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстаның стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады», - делінген Елбасының ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Бұған саяси саладағы жемісті қарым-қатынас, биыл сауда көлемінің ұлғайғаны және шекаралық сауда саласындағы іскер топтардың өзара іс-әрекетіне жаңа мүмкіндіктер жасалғаны, бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны, мәдени-гуманитарлық бағдарламалардың насихатталуы әсер етіп отыр.

Соңында тараптар өңірде бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру және тереңдету қажеттігі туралы пікір білдірді.