Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетті
Ел үкіметі де отставкаға кетті
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ел үкіметі де отставкаға кетті. Дегенмен Пашинян мырза сайлауға дейін премьер-министр міндеттерін толықтай атқара бермек. Парламент сайлауы 20 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.
Сайлау кезінде Пашинян «Азаматтық келісім» партиясының атынан үкімет төрағасы қызметіне үміткер болады.
Президент үкіметтің отставкасын қабыл алды.
Айта кетсек, Армения заңнамасына сәйкес, кезектен тыс сайлаулар парламент таратылған соң 30 күннен ерте емес, 45 күннен кеш емес мерзімде өткізіледі. Әдетте мұндай жағдай егер премьер отставкаға кеткеннен кейін екі апта ішінде депутаттар үкіметтің жаңа басшысын сайлай алмаса, формальды түрде өтеді.