Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Тергеу аясында барлық қажетті сараптама тағайындалды

Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәлімдетінше, 19 наурызында сағат шамамен 16.30-да оңтүстік бағыттағы Алматы-Өскемен тасжолының 89-шақырымда «Лада Ларгус» автомобилінің 57 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай, апатқа ұшырады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды, ал оның бес жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін шамамен сағат 17-де жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмғаны белгілі болды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында барлық қажетті сараптама тағайындалды.