Тоқаев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысын ауыстырды

Бұл қызметке Қанат Құлшыманов барған

Тоқаев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысын ауыстырды
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Құлшыманов бұрынғы лауазымынан босады. Бүгін президент сондай-ақ ОКҚ директор болған Асқар Омаровты осы қызметтен босатқан еді.