ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Ақтауда 3 сағатта 33 азамат карантин режимін бұзды

Олар карантин талаптарын сақтамаған және бетпердесіз жүрген

Бұл облыстың барлық аумағын тексеруге арналған рейдтік іс-шаралар нәтижесінде анықталған алғашқы құқықбұзушылықтары, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тапсырма берген. 

Нәтижесінде, бірінші шағынауданның көшесінде қашықтықты сақтамаған төрт адамнан тұратын топ анықталды. Олар қоғамдық орында бетпердесіз жүрген. Сонымен қатар, Бейнеу ауданында рейдтік іс-шаралар кезінде шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеген бұйымдар дүкені анықталды. Барлық жиналған материалдар заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін тиісті органға берілді.

Сұхбат