Атырау облысы мен Ұлытау облысының әкімдері ауысады
Ертең екі облыстың да мәслихат депутаттары жиналады
Ертең, 17 шілде күні Атырау облысы мен Ұлытау облысының әкімдері ауысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі облыстың да мәслихаты жиналып, әкімнің лауазымына үміткерлерге келісім беру мәселесін талқылайды.
Атырау облысы мәслихатының жиналысы ертең, 17 шілде күні сағат 09:30-да Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 22 58 мекенжайы бойынша өтеді. Қатысамын деген азаматтар таңғы сағат 08:00-де бастап тіркеле алады.
Ұлытау облысының депутаттары 17 шілде күні сағат 11:00-де Жезқазған қаласы, Алаша хан даңғылы, 22 мекенжайында өтеді. Қатысамын деушілер таңғы сағат 10:00-ден бастап тіркеле алады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының қазіргі әкімі – Серік Шәпкенов, ол облысты 2022 жылдан бері басқарып келеді. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков 2024 жылдың күзінен бері осы лауазымда.