Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды (ВИДЕО)

Президент Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізіп, жетекші компаниялар басшыларымен кездеседі және Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысады

Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздері жоспарланған.

Сондай-ақ Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілдеде Президент «Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналған Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады.