$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сербия президенті SCAT-қа әуе кеңістігінде бесінші деңгейлі еркіндік беру мәселесін шешу туралы сөз қозғады

Ол бұл мәселе осы кездесулер кезінде шешіледі деген үмітте

Сербия президенті SCAT-қа әуе кеңістігінде бесінші деңгейлі еркіндік беру мәселесін шешу туралы сөз қозғады
Фото: Scat компаниясының баспасөз қызметі

Бүгін Ақордада Сербия президенті Александр Вучич қонақжайлық танытқаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Белград Астанамен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сербия Президенті қазақстандық компаниялардың ортақ жобаларға, әсіресе, құрылыс саласына қосар үлесін арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

«Біз Қазақстан ұсынған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз. Бұл Сербияда ғана емес, Еуропаның аталған аймағындағы маңдайалды жобалар болмақ. Сондай-ақ қазақстандық SCAT компаниясына әуе кеңістігінде бесінші деңгейлі еркіндік беру мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ортақ іс-қимыл арқылы аталған мәселені шеше алатынымызға сенімдімін. Сербияға Қазақстанның сенімді құрылыс компаниялары мен инвесторлары келгенін қалаймыз. Бұл еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсартып қана қоймай, өзара мәдени, туристік байланыстарды жандандыруға да септігін тигізеді. Өз тарапымыздан Сіздің еліңіздің экономикасына инвестиция салғысы келетін сербиялық кәсіпкерлерді ынталандыруға барынша күш-жігер жұмылдырамыз», – деді Александр Вучич.

????Сербия Президенті қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталығы секілді бағыттарда өзара ықпалдастықты арттыруға зор әлеует бар екеніне назар аударды. Сонымен қатар ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, мұны әлемдегі өсіп-өркендеудің үлгісі деп атады.

Келіссөз барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, атап айтқанда, сауда-инвестиция, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар, цифрландыру, жасанды интеллект, құрылыс және туризм салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.