23.11.2025, 04:34
Жаңалықтар
Қазақстан хоккейден Қытай құрамасының тас-талқанын шығарды
Қазақстан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның хоккей құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионаты-2025 жарысында өздерінің екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талғат Жайлауовтың шәкірттері турнир иелерін – Қытай құрамасымен күш сынасты.
Кездесудің алғашқы кезеңінде Қазақстан сапынан Максим Мусоров есеп ашты. Екінші кезеңде Степан Александров, Батырлан Мұратов және Артур Гатиятов көзге түсіп, есепті еселей түсті. Міне осыдан кейін Қытай хоккейшілер бір шайба соға алды.
Үшінші кезеңде Мұратов матчтағы өзінің екінші голын соғып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 5:1.
Айта кетерлігі, 23 қарашад күні Қазақстан құрамасы Жапония командасымен кездеседі.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды