Қостанайда қазірден бастап көктемгі су тасқынына дайындық басталып кетті

Автор: Асыл Арман

Ықтимал су тасқыны аймақтарындағы бөгеттер тексерілді

Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысында көктемгі су тасқынына дайындық қазірден бастап басталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник А.С. Советов жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол 2026 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспарының орындалуымен танысып, ықтимал су тасқыны аймақтарындағы бөгеттер мен су өткізгіш құрылымдардың жағдайын тексерді.

«Алдын алу шараларын күшейту және қызметтер арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, тұрақты бақылауда ұсталады», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.