$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 14:33
Жаңалықтар

Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты – Аида Балаева коронавирусқа шалдыққандар туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің пікірінше, ешбір мемлекет коронавирусты жеңе алмайды

Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты – Аида Балаева коронавирусқа шалдыққандар туралы
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеаның айтуынша, қазақстандықтар дәрігерлердің айтқан кеңесіне құлақ асса, жұқпалы ауруға шалдықпайды.  Және ол қызмет бабымен жүріп, коронавирус жұқтырған журналистерге саулық тіледі.

«Шынымен де, қазір өте қиын кезең, сондықтан да біреулердің жұмысына  баға беру өте қиын. Екі-үш күн бұрын БАҚ қызметкерлерінің күнін атап өткен кезде, барлығымыз журналистердің осы салада атқарған рөлін атап өттік. Шынымен де қазір дәрігерлер және полицейлермен бірдей жұмыс істеп, шынайы, қолжетімді ақпараттың барлығын таратып жүрген БАҚ қызметкерлері. Оларды жекеменшік БАҚ, мемлекеттік БАҚ деп бөліп-жармаймын. Сондықтан, журналистердің еңбегі орасан зор. Өкінішке қарай, ақпарат жинаймын деп жүріп, журналистер де осы індетке шалдықты. Сол әріптестеріме тезірек сауығып кетуін тілеймін», - дейді Балаеева.

Ақпарат министрі коронавирустың салдарын тек Қазақстан ғана емес, дүниежүзі тартып отыр дейді. Және «ақиқаты сол – ауқымды індетпен күресуге бір де бір мемлекеттің қауқары жетпейді» дегенге сенімді Балаева.

«Біз бір ақиқатты түсінуіміз қажет. Мұндай ауқымды індетпен күресуге, жаппай емдеуге бір де бір мемлекеттің қауқары жетпейтін сияқты. Сондықтан, сындар айтылып жатыр. Бұл мәселеден шығатын нақты жолдар бар. Мемлекет басшысы бұл мәселені жіті назарында ұстап отыр. Үкімет нақты шаралар қолданып отыр. Бір нәрсені түсінуіміз керек: осы індет болсын, басқа ауру болсын, әр адам өз денсаулығына өзі жауапты. Бұл жерде індеттің тарамауына әр адам үлес қоса алады. Дәрігерлер айтып отырған оп-оңай қағиданы ұстану керек», - дейді Балаева.

Серіктес жаңалықтары