$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тегін фотосессияның құны - 14 млн теңге: Қарағандыда әйел адам алаяқтықтың жаңа торына түсіп қалды (ВИДЕО)

Оның шоты арқылы күмәнді ақша аударымдары жасалған

Тегін фотосессияның құны - 14 млн теңге: Қарағандыда әйел адам алаяқтықтың жаңа торына түсіп қалды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Қарағанды тұрғыны тегін фотосессияға түсемін деп 14 миллион теңгеге қатысты алаяқтық ісі бойынша күдікті атанды. Оны көшеде бейтаныс әйел суретке түсіріпті. Дәл қазір ауруханада ота жасатып жатқан қыздың банк шоты алаяқтардың ақша аудару схемасына іліккен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қыздың күйеуі Артем Богдановтың сөзінше, жуырда көшеде келе жатқан оларға танымайтын әйел келіп, тегін суретке түсіріп беремін деген.

«Әйел телефонмен суретке түсіре бастады, бірнеше әдемі фото жасады, көрсетіп, телефон нөмірін сұрап, кейін тегін жіберетінін айтқан. «Мына позада тұрыңыз, енді былай тұрыңыз» деп верификациядан өтіп қойған. Ал әйелім ота үстінде жатқанда, маған Тараз полициясынан қоңырау шалып, жұбайыңыз алаяқтық жасады, оның есепшотына ірі көлемде ақша түскен деп хабарлады», – дейді Богданов.

Полициядан қоңырау түскеннен кейін ерлі-зайыптылар банкке жүгінген. Ондағылардың айтуынша, бір тәуліктің ішінде қыздың шоты арқылы миллиондаған теңге өткен.

Аккаунттың верификациясы басқа құрылғыда жасалған, барлық растау кодтары өзге нөмірге жіберілген. Ақша ұсақ сомалармен доллар түрінде аударылып, кейін есепшоттан шешілген. 

Қылмыстық іс Таразда қозғалған, себебі арыздар дәл сол жерден түсе бастаған. Жәбірленушілердің атынан несие рәсімделіп, заңсыз алынған қаражаттар Қарағанды тұрғынының шоты арқылы алаяқтарға бағытталған.

Юрист Мейрамғали Мұрзалиев мұндай жағдайлар үшін енді бөлек жауапкершілік енгенін түсіндірді.

«Қыркүйек айында дропперлерге яғни, ақша басқа шоттарға аударылған тұлғаларға қатысты жауапкершілік енді. Бұл схема ұйымдастырушылар мен нақты кінәлілерді анықтауды қиындату үшін жасалады», – деді заңгер.

Ерлі-зайыптылар өздерінің ақша аударымдарына қатысы жоқ екенін дәлелдеу үшін полицияға жүгінбек.

Серіктес жаңалықтары