$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар балабақшасында баланы ұрып-соққан: тың мәлімет жарияланды

Тергеушілер қалпына келтірілген бейнежазбаларды қарап жатыр

Павлодар балабақшасында баланы ұрып-соққан: тың мәлімет жарияланды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева №116 балабақшада бүлдіршіндерді ұрып-соғу фактісіне қатысты тергеу барысын баяндады. Оның айтуынша, сараптама жүргізілген және бейнежазбалардың қалпына келтірілуіне байланысты тергеу қосымша уақытты қажет етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша ата-анасы полицияға жүгінген балаларға қатысты сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіліп қойған.

«Павлодар қаласындағы №116 балабақшада биылғы маусым айында болған балаларға қатыгездік таныту фактісі бойынша ата-анасы полицияға арыз берген 15 бала сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамадан өтті. Жойылған бейнежазбалар қалпына келтірілуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу қосымша уақытты қажет етеді, жаңа фактілерді немесе жәбірленушілер анықталуы мүмкін», - деді Сәуле Шәкенева.

 Тергеу жалғасып жатыр, іс материалдары тиісті органдардың бақылауында.

«Типичный Павлодар»Telegram каналында жарияланған видео көпшіліктің наразылығын тудырды. Кадрдан тәрбиеші қыздың басынан ұрып, оны итеріп жібергенін, балалар киім ауыстырып жатқанда дөрекілік танытқанын көруге болады. Педагог басқа балаларға да қатыгездік танытқан.

Бұған дейін зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға хабарласқан. №116 балабақшада бүлдіршіндерге қатыгездік көрсетілгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары