$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 6,5 мың әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген

Сонымен қатар балаларын қараусыз қалдырған 107 мың ата-ана жазаланған

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 6,5 мың әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан ІІМ елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұйымдасқан қылмыс, есірткі мен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес бағыттарындағы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұйымдасқан қылмыс және табиғи ресурстар

Тоғыз айда 70 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Оның 13-і трансұлттық деңгейде әрекет еткен.

Барлығы 248 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Министр табиғи және биоресурстарды заңсыз өндірумен күресті күшейтуді тапсырды.

«Ауылда мал – халықтың табыс көзі. Сондықтан мал ұрлығына қарсы профилактикалық шараларды арттыру қажет», – деді министр Ержан Сәденов.

Тұрмыстық зорлық және отбасындағы қауіпсіздік

Осы тоғыз айда 70 мыңнан астам қорғаныс ұйғарымы шығарылған. 16 мыңнан астам құқық бұзушыға шектеу қойылған. Дағдарыс орталықтарға 6,5 мың әйел мен бала жіберілген.

Жасөспірімдер қылмысы

Жасөспірімдер қылмысы бойынша 1 600-ге жуық факт тіркелген. 107 мыңнан астам ата-ана балаларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылған. 1 900 кәсіп иесі кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта кіргізгені үшін жазаланған.

Есірткі мен интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар

Ішкі істер министрі есірткімен күрестің кешенді жоспарын тездетіп бекітуді, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықты ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі мен полицияға деген сенімді арттыру», – деді министр Ержан Сәденов.

Серіктес жаңалықтары