$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар енді Арменияға жеке куәлікпен-ақ бара алады

Тоқаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастыққа қатысты екі заңға қол қойды

Қазақстандықтар енді Арменияға жеке куәлікпен-ақ бара алады
Фото: freepik.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Армения арасындағы көші-қон және азаматтардың сапарлары тәртібін реттейтін келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Президент сол сияқты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Айта кетейік, осыған дейін Парламент Мәжілісі Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдағаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары