10.10.2025, 14:00
Жаңалықтар
Арал ауданында қайтарылған активтер есебінен алты әлеуметтік нысан салынып жатыр
Мысалы, биыл 25 орынға арналған аурухана ашылады
Фото: скриншот
Қызылорда облысының Арал ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен алты әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл 25 орындық жұқпалы аурулар бөлімшесі мен аудандық көпбейінді орталық аурухананың қосымша ғимаратының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Арал ауданының прокуроры мен аудан әкімінің орынбасары «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Прокуратура органдары құрылыс жұмыстарының сапасы мен мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауда ұстап отыр.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды