$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам сотталып кетті

Оған қатысты сот үкімі жарияланды

Қостанайда дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам сотталып кетті
Фото: «Наша Газета»

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алау» басылымының мәліметінше, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады.

Сол сияқты ол моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің ауыз тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары