$ 494.87  520.65  4.91
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 10:06
Жаңалықтар

COVID-19: Қандай жағдайда компьютерлік томографиядан өту қажет – маман кеңесі

Дәрі-дәрмектерді қалай әсер ететінін білместен сатып алуға және қабылдауға болмайды

COVID-19: Қандай жағдайда компьютерлік томографиядан өту қажет – маман кеңесі
tasnimnews.com

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров тұрғындарды коронавирус белгілері пайда болған кезде сабыр сақтауға шақырып, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның ықтимал асқынулары және қандай жағдайда өкпеге компьютерлік томография жасау қажет екені жайлы айтты.

Камалжан Надыров көптеген азаматтар өздерін коронавирус ауруынан қорғауға тырысатынын және ауру белгілері пайда болған кезде әртүрлі дәрі-дәрмектер қабылдайтынын атап өтті.

«Коронавирустың белгілері пайда болған кезде ұстанатын алгоритм бар, соған сәйкес сіз алдымен дәрігермен кеңесіп, содан кейін оның ұсыныстарын орындау керек. Қандай да бір дәрі-дәрмектерді олардың әрекеттері мен қарсы көрсетілімдерін білместен сатып алуға және қабылдауға болмайды», — деді Камалжан Надыров онлайн-конференция барысында.

Камалжан Надыров коронавирус инфекциясы кезінде жиі кездесетін және қауіпті асқынуларының бірі саналатын пневмония туралы айтты. Жағдайдың ауырлығын бағалау үшін өкпенің томографиясын дер кезінде жүргізу қажет. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КТ қызметін ұсынушылардың тізілімін жасады. Қалада осындай 12 жеткізуші бар, КТ қызметін ұсынушылар диагнозы расталған пациенттер мен соған ұқсас белгілері бар науқастар үшін жеке жұмыс кестесін анықтады. Сондай-ақ, үш ай ішінде қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына және жедел медициналық жәрдем ауруханасына КТ аппараттарын жеткізу күтілуде, бұл зерттеуге қол жетімділікті арттырады.

«Коронавирус жұқтырған жағдайда, КТ тек бірнеше жағдайда ғана қажет: егер вирустық пневмонияны растау немесе жоққа шығару қажет болса, ауру кезінде асқынуы мүмкін өкпеге әсер ететін басқа ауруды жоққа шығару керек болса. Егер өкпе таза болса, сонымен қатар ауру анық жеңілдетілген сценарий бойынша жүрсе, жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде КТ жасаудың қажеттілігі жоқ», — деп толықтырды Камалжан Надыров.

Осылайша, Камалжан Надыров радиациялық сәулеленудің жоғары болуына байланысты дәрігердің тағайындауынсыз КТ-ны жүргізу ұсынысы жасалмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары