$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда күйеуінен таяқ жеген алты балалы әйел құтқарылды

Ер адам бес тәулікке қамалды

Атырауда күйеуінен таяқ жеген алты балалы әйел құтқарылды
Фото: © istockphoto.com

Атырауда полицейлер отбасындағы жанжалдан зардап шеккен ана мен оның алты баласын кризистік орталыққа орналастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға қалай болды?

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 102 нөміріне түнгі уақытта әйелдің күйеуі отбасына қол көтеріп, ұрыс шығарып жатқаны туралы хабар түскен. Ер адам мас күйінде туыстарын балағаттап, тыныштықты бұзған.

Полиция наряды дереу жетіп, әйел мен балаларын қауіпсіз жерге алып шықты. Қазір олар арнайы кризистік орталықта орналасқан.

«Отбасылық жанжал кезінде әйел мен алты баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылданды», – деп мәлімдеді полиция.

Құқық бұзушыға қандай жаза қолданылады?

Үйдегі жанжал шығарған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл бап «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» деп аталады.

Заңға сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін:

  • Ескерту жасау;
  • 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту;
  • 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Серіктес жаңалықтары