18.06.2020, 16:51
Жаңалықтар
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс Президентке жіберілді
Кодекс азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатысты шешімдерді қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік береді
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Сенат ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін мақұлдады. Бұл жайында Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кодекс азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатысты шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік және кепілдік береді.
«Сонымен қатар, жоғарғы органдарда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері құрылады. Кодекс Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді», - делінген хабарламада.
Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды