$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 12:23
Жаңалықтар

Қаржы министрі коронавирустан сақтану үшін оқшауланды

Ол тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен

Қаржы министрі коронавирустан сақтану үшін оқшауланды
Фото ашық дереккөзден

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавирус инфекциясын жұқтырып алмау үшін оқшауланды. Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растап отыр.

«Қаржы министрі бүгін қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұған дейін ол коронавирусқа тест тапсырған, тест нәтижесі теріс болып шықты. Бірақ вирус жұқтырған адамдармен байланыста болу қаупі бар екенін ескерген ол оқшауланды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Күні кеше Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағзасынан да коронавирустың симптомсыз түрі анықталды. Ол қазір оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Оқшауланған шенеуніктер қатарында Премьер-министр Асқар Мамин, министрлер Мағзұм Мырзағалиев, Асхат Аймағамбетов, Сапархан Омаров, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бар.

Серіктес жаңалықтары