$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Руслан Желдібай тағы бір басшылық қызметке тағайындалды

Ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры болды

Руслан Желдібай тағы бір басшылық қызметке тағайындалды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында тағы бір қызметке тағайындалғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол енді Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады.

Оның айтуынша, бұл қосымша қоғамдық қызмет болып саналады.

«Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз», - дейді ол.

Желдібай елімізде дзюдоны дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.  

«Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын», - деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетері, Қазақстан дзюдо федерациясын Қазақстан президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев басқарады.

Серіктес жаңалықтары