13.07.2025, 13:25
Жаңалықтар
ҰБТ-2025 қорытындысы: Орташа балл – 69, үздік нәтиже – 140 балл
210 мыңнан астам талапкер бақ сынаған

Фото: testcenter.kz
Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі аяқталды. 210 мыңнан астам талапкер тест тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тест тапсыру тілі бойынша:
- 76,5% – қазақ тілінде,
- 23,5% – орыс тілінде,
- 149 адам – ағылшын тілінде тапсырған.
Екі мәрте мүмкіндік және ең жоғары нәтиже
- Талапкерлерге тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.
- Грантқа үміткерлер үшін ең жоғары балл есепке алынған.
- Барлығы 381 мың тестілеу рәсімі жүргізілген.
- • Орташа балл – 69.
- Ең жоғары 140 балды Түркістан облысынан Абильхан Жәнібек бірінші аптада жинады.
- 130 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 598 адам.
Ерекше қажеттіліктер және апелляциялар
- 681 ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерге арнайы жағдай жасалған.
- Тестілеу электронды форматта өтті – бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
- Апелляцияны онлайн түрде беруге болады.
- Биыл 92 мыңнан астам апелляциялық өтініш қабылданып, 104 тест сұрағына қатысты өзгеріс енгізілген.
- Барлық сертификат талапкерлердің жеке кабинетінде қолжетімді.
Тәртіп бұзу деректері мен нәтижені жою
- ҰБТ кезінде 711 тәртіп бұзу дерегі тіркелген.
- Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:
– смартфон,
– смарт-сағат,
– микроқұлаққап,
– шпаргалка алып кіру әрекеті.
• Нәтижесінде:
– 326 адам тест тапсырудан шеттетілді,
– 380 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды.
– Кейін бейнебақылау негізінде тағы 5 адамның жұмысы жарамсыз деп танылған.
«Бейнежазбаларды талдау 31 қазанға дейін жалғасады. Бұл барлық қатысушылар үшін әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
15.07.2025, 22:56
«Ұялмайды, «квартирант» сияқты жүреді»: Нұрлан Еспановтың ұлы әкесінің сырын ашып қойды (ВИДЕО)
15.07.2025, 12:49
16 млн тұрғынның жеке деректері тарап кетті: Бектенов алаяқтардың 67 млн қоңырауы бұғатталғанын айтты
15.07.2025, 11:48
Ақмола облысында ұрылар депутаттың үйін тонап, көлігін мініп кеткені туралы ақпарат тарады
15.07.2025, 20:43
40 градус аптап ыстық, жаңбыр: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды