$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

12 млн теңгені жасырған: Абай облысының тұрғыны сот шешімін айналып өтпек болды

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды

12 млн теңгені жасырған: Абай облысының тұрғыны сот шешімін айналып өтпек болды
Фото: © istockphoto.com

Абай облысында сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Соттан жалтару айласы

Абай облысында тұратын әйел сот шешімімен 61 миллион теңге қарызды өтеуден жалтару үшін өз мүлкін басқа тұлғаларға рәсімдеген. Прокуратураның мәліметінше, ол 12,5 миллион теңгеге бағаланған үйі мен ауылшаруашылық техникасын жалған құжаттар арқылы басқа адамға «сатқан» болып көрсеткен.

«Ол бұл мәмілелерді жалған сот актілері арқылы ресімдеп, сот орындаушыларын айналып өтті. Қолға түскен қаржыны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған әрекеттер бойынша қазір ҚР ҚК-нің 430-бабы 3-бөлігі бойынша (Сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Баптың санкциясы бойынша кінәлі адам 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот шешімінен жалтару – қылмыс

Қазақстанда соңғы жылдары сот орындаушыларының құқығын күшейту және борышкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытында бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұл жағдай – сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудегі жүйелік проблемаларға назар аудартатын мысал.

Серіктес жаңалықтары