$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында ауыл әкімі ауруханаға түсіп қалды: полиция іс қозғады

Оқиға 7 шілдеде Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылында тіркелді

Ақтөбе облысында ауыл әкімі ауруханаға түсіп қалды: полиция іс қозғады
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында Бестамақ ауылының әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігерлер не дейді?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 47 жастағы ауыл әкімінің суицид жасауға әрекеттенгенін растады. Ол аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Науқастың жағдайы тұрақты, жалпы палатада ем қабылдап жатыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 95-бабына сәйкес, диагноз дәрігерлік құпия болып саналады және науқастың келісімінсіз жариялауға болмайды. Пациент келісім берген жоқ», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция түсініктемесі

Аталған жағдай бойынша ақпаратты облыстық полиция департаменті де растады. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғынына қатысты аталған бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен уәждері анықталып жатыр. Қылмыстық іс бойынша басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен жағдайы анықталуда. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары