Алматыда «Газель» көлігі өртеніп, күлі қалды
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ

Алматы қаласында «Газель» маркалы жүк көлігі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртенген сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгерді
Оқиға Бостандық ауданында, Назарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында болған. Әлеуметтік желілерде көлік отқа оранып жатқан сәттің видеолары тарады.
Өрт туралы хабарлама 15:39-да түсті
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт туралы «101» нөміріне хабарлама сағат 15:39-да түскен. Ал 15:41-де бейнебақылау камералары көліктің толықтай жалынға оранғанын тіркеген
«Бұл – өрт туралы кеш хабарланғанын немесе жүргізушінің өздігінен сөндіруге әрекет жасап, сәтсіз болғанын білдіреді», – делінген ведомство мәлімдемесінде
Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыған
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 2021 жылы шығарылған «Газель» көлігі ашық жалынмен жанып жатқан. Жалын 7 шаршы метр аумақты қамтыған
Өрт сөндірушілер дереу көбік арқылы сөндіру жұмысына кірісіп, өрт 15:57-де толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, адам шығыны тіркелген жоқ.