09.07.2025, 14:21
Жаңалықтар
Атырау-Астана рейсінде жолаушы есінен танып қалды: оған борттағы дәрігерлер көмек көрсетті
Ұшақ бортында төтенше жағдай тіркелді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Атыраудан Астанаға бағыт алған әуе рейсінде 9 шілдеге қараған түнде күтпеген жағдай болды. Ұшу барысында жасы үлкен жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экипаж мүшелері жедел әрекет етіп, ұшақ бортында медицина қызметкерлерінің бар-жоғын жолаушылардан сұрастырды.
Екі тәжірибелі дәрігер бірлесе әрекет етті
Осы сәтте ұшақ ішінде болған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Қайратұлы Абдалиев, пен Алматы қаласындағы «Arsamed» клиникасының дәрігері Зағира Анық бірлесе отырып, жолаушыға шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Жағдай бақылауда, науқастың жағдайы тұрақты
Дәрігерлердің кәсіби дайындығы мен үйлесімді іс-әрекетінің арқасында:
- Жолаушының жағдайы қысқа уақыт ішінде тұрақтандырылды;
- Ұшақ қонғанға дейін толық медициналық бақылауда болды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, қажет болған жағдайда ол қосымша тексеруден өтеді.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды