27.06.2025, 15:17
Жаңалықтар
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Жиында экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасы талқыланды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.
Жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин қатысты.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Беларусьтің Минск қаласында өтіп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды