800 мың қазақстандық онлайн супермаркет арқылы тамақ пен басқа өнімдер алды
Онлайн супермаркет бюджетке 5 млрд теңге салық төледі

2025 жылдың өзінде Kaspi.kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркеті арқылы 5,3 млн жылдам жеткізу онлайн тапсырысы берілген. Бұл туралы Kaspi.kz компаниясының басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе премьер-министр Олжас Бектеновке хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне слтеме жасап.
Сатылған тауардың 50%-ы отандық өнім
Бектеновке Алматыға жұмыс сапары аясында электронды коммерция инфрақұрылымымен танысты.
«Михаил Ломтадзе 2025 жылдың өзінде Kaspi. kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркеті арқылы 800 мыңнан астам қазақстандық 5,3 млн жылдам жеткізу онлайн тапсырысын бергенін айтты», - деп жазылған хабарламада.
Сатылымдардың 50%-дан астамы отандық өнім. Сонымен қатар 4,5 мың жұмыс орны құрылған.
Kaspi.kz платформасындағы Magnum онлайн супермаркеті мемлекет бюджетіне 5 млрд теңге көлемінде салық аударған, оның жартысы немесе шамамен 2,4 млрд теңгесі 2024 жылы төленген.
Заманауи қоймаға 13 млрд теңге салынды
Сонымен қатар «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС мамандандырылған Dark Store форматындағы заманауи қоймасына барған Олжас Бектенов ритейл саласындағы жаңа инфрақұрылыммен танысты. Хаб логистиканы жеделдетеді, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, тәулігіне 18 мыңға дейін тапсырысты тиімді өңдеуге қабілетті.
Инвестициялық жобаға 13 млрд теңге салынды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, өткен жылы еліміздегі электронды сауда көлемі соңғы 5 жылда 5 есеге өсіп, 3,2 трлн теңгеге жетті. е-commerce үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 16,6%-ын құрады.