$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында есірткімен ұсталған курьер бұрын мұғалім болған

Есірткі курьері трассада кетіп бара жатқан жерінен ұсталды

Алматы облысында есірткімен ұсталған курьер бұрын мұғалім болған
Фото: Алматы облысы ПД/Видеодан скрин

Алматы облысында есірткі курьері трассада кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Тергеу барысында оның бұрын мұғалім болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызметтік ит көмегімен ұсталған курьер

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен өңіраралық курьерді қолға түсірді. Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай-Семей бағыты бойынша синтетикалық есірткі тасымалдағаны анықталды.

Курьер – бұрынғы мұғалім

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Оның көлігін тінту кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен «мефедрон» есірткісі салынған пакет табылды.

Тәркіленген заттың салмағы – 1 кг.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Күдікті адам ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жедел-іздестіру жұмыстары жалғасын табуда.

«Курьер Қостанайдан Семейге есірткі тасымалдаған. Қызметтік иттің көмегімен жылдам анықталып, ұсталуы – біздің алдын алу шараларымыздың тиімділігін көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Серіктес жаңалықтары