Келесі сот отырысында Шерзат Полаттың анасы қайта сұралатын болды
Оның берген жауаптары әртүрлі дейді Дидар Қалиахметтің адвокаты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында Дидар Қалиахметтің адвокаты Шерзаттың анасы Гүлмира Бишімбиеваны сотқа қайта шақыртуды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бишембиева мен Дидар Қалиахметті беттестіру кезінде Шерзаттың анасы берген жауап сотқа айтқан жауабынан басқаша болып шықты. Сол себепті Қалиахметтің қорғаушысы Баймұханова келесі сот отырысына жәбірленуші Гүлмира Бишімбиеваны шақыртуды сұрады.
«Бишімбиеваның сот отырысы мен беттестірудегі жауаптары түбегейлі бір-біріне сай емес. Сол себепті сот отырысына қайта шақырып, жауап алуды сұраймын», - деді адвокат.
Қорғаушылар мен сотталушылар бұл ұсынысты қолдады. Мемлекеттік айыптаушылар да қарсылық танытпады. Жәбірленуші тараптың адвокаты да келесі отырысқа Бишімбиеваны жеткізуге тырысатынын айтты. Судья бұл мәселені мемлекеттік айыптаушыларға тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Ruhy» youtube арнасынан көре аласыздар.