$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЕО Сирияға қатысты санкцияларды тоқтатуға ниетті

Одақ АҚШ-тан үлгі алып отыр

ЕО Сирияға қатысты санкцияларды тоқтатуға ниетті
Фото: REUTERS/Karam Al-Halabi

2025 жылғы 20 мамырда Брюссельде өткен Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің отырысы қарсаңында ЕО-ның жаңа бас дипломаты Кая Каллас Сирияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Еуроодақ экономикалық санкцияларды алып тастау мәселесін қарастырып жатыр.

«Сирияға келсек, мен бүгін экономикалық санкцияларды алып тастауға келісеміз деп үміттенемін», – деді Каллас.

Бұл мәлімдеме Еурокомиссияның аудиовизуалды қызметі арқылы тікелей эфирде тарады. 

ЕО-ның бұл ұстанымы АҚШ-тың Сирияға қатысты шешімімен сабақтас. 13 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қарсы санкцияларды жоюға ниетті екенін мәлімдеді. Ол бұл шешімге Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткен келіссөздерден кейін келгенін атап өтті.

«Сирияға мүмкіндік беруіміз керек», – деді Трамп.

Калластың айтуынша, Сирия мәселесінен кейін ЕО министрлері Газа секторындағы жағдайды талқылауға кіріседі. Бұл тақырып «ауыр әрі күрделі» пікірталас болмақ.

Халықаралық сарапшылар ЕО мен АҚШ-тың бұл шешімін аймақтық геосаяси өзгерістермен байланыстырады. Түркияның Сириядағы ықпалы артып келе жатқан тұста, батыс державалары елді халықаралық экономикалық жүйеге қайтару жолын қарастыруда.

 

 

Серіктес жаңалықтары