$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Неге көрінбей кетті?»: сахнадан 10 жыл қол үзіп қалған Сырым Исабаев қазір не істеп жүр

Ол сахнаға соңғы рет 2014 жылы шыққан

«Неге көрінбей кетті?»: сахнадан 10 жыл қол үзіп қалған Сырым Исабаев қазір не істеп жүр
Фото: Instagram/ syrym_isabaevv

Он шақты жыл бұрын хит әндерді орындап, тыңдарманының жүрегінен орын алған Сырым Исабаев қазір не істеп жүр? Azattyq Rýhy әншінің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап шықты.

Осыдан 10 жылдан аса уақыт бұрын «Күзгі дауыл», «Мен сені сүйеді екем», «Сағынамын», «Жүректе мұз», «Әке», «Ақ бақытым» хит әндерін орындап, көптің көзайымына айналғаннан кейіннен сахнадан қол үзіп кетті.

Араға 10 жыл салып, былтыр жаңа жыл қарсаңында «1001 түн» бағдарламасына қатысып, осы уақыт аралығында қандай іспен айналысқанын толықтай айтып берген.

«Соңғы рет 2014 жылы концерт беріп, содан кейін сахнамен қол үзіп қалдым. Негізгі білім алған мамандығым бухгалтер болатын. Есеп-қисапқа бет бұрғым келді. Осылай кәсіпке араласып кеттім. Қазіргі уақытта екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешінін аштым. Олар қазір жұмыс істеп тұр.

Ешнәрсе мәңгілік емес. Өнерден де алшақтайтын кез болады. Міне осы кезде бала-шағамды кім асырайды?! Олар Шымкентте тұрады. Ал мен Алматы мен екі ортада шапқылап жүремін. Сол себепті кәсіпке бет бұрдым. Қазір берекелі болып жатыр», – деген еді Сырым Исабаев.

Осы сұхбаттан кейін өнер жолына қайта оралдым деген әнші бүгінге дейін жаңа туындыларын жариялап үлгерді.

«Қала шамы», «Махаббатпен ойнама сен», «Қыздар» әндерін тыңдарманына ұсынды.

Серіктес жаңалықтары