Қарағандыда ішімдікке мас ата-ананың төрт жасар баласы көше кезіп кеткен
Бүлдіршінді көрген куәгерлер полицияға дереу хабарлаған

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің жанында жалғыз кетіп бара жатқан бүлдіршін жұрттың назарын еріксіз аударды. Ол ешкімнің қарауынсыз, жалғыз жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төрт жасар бала үлкендердің қарауынсыз көшеде болған. Оны көрген куәгерлер полицияға дереу хабарлаған.
«Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада ата-анасының жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, аталмыш отбасының төрт және екі жастағы екі кішкентай баласы бар», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Ата-аналар медициналық тексеруге жіберілді. Кейбір мәліметтер бойынша, олар баласымен серуендеп жүргене мас күйінде болған. Олармен полиция қызметкерлері әңгімелесу арқылы мән-жайын анықтады. Қазіргі уақытта балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды.
Белгілі болғандай, ата-анасы дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; оларға қатысты материал Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияға жіберіледі.