«Махаббат па, шығын ба?»: блогер туған күніне 5001 гүл алды (ВИДЕО)
Гүл шоқтары арнайы қызметкерлер көмегімен жеткізілген

Әлеуметтік желілерде танымал блогер Әнел Кенжебекованың туған күніне қатысты ерекше тосынсый қызу талқылануда. Белгісіз жігіт одан артық, кем емес — 5001 дана раушан гүлін сыйлап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан көрініп тұрғандай, гүл шоқтары арнайы қызметкерлер көмегімен жеткізілген. Бұл оқиға желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып отыр: бірі романтикалық қадам десе, енді бірі мұны тым даңғаза әрі орынсыз шығын деп бағалауда.
Көпшілік бұл тосынсый бұрынғы жігітінен болуы мүмкін деген жорамал жасауда. Алайда блогердің өзі әзірге ешқандай нақты түсініктеме берген жоқ. Желі қолданушылары арасында «Бұл махаббат па, шығын ба?» деген пікірталас үдей түсті.