$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ерке Есмахан қызды болды»: әншінің босанғаны туралы сыбыс тарады

Ақпараттың рас-өтірігі әзірге белгісіз

«Ерке Есмахан қызды болды»: әншінің босанғаны туралы сыбыс тарады
Фото: Instagram/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмаханның үшінші сәбиін босанып, қызды болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде әнші жұртшылықты Ораза айт мерекесімен құттықтап, арнайы жазба жариялаған.

«Ораза Айт құтты болсын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, өмірлеріңіз мейірімге толсын! Ораза айында тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Шүкір ететін сәттеріміз көп болсын! Әр қазақ бақытты, бай болсын! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман жетейік, ағайын! Сіздерді жақсы көреміз», - деп жазды Ерке Есмахан.

Міне осы жазбаның астына желі қолданушылары әншінің босанғаны туралы жарыса жазып жатыр. Ал ақпараттың рас-өтірігі әзірге белгісіз. Алайда әншінің Instagram желісіндегі Stories бөліміне көз жүгіртсек, отбасымен Дубайда демалып жүргенін көруге болады.

Әншінің босанғаны туралы сыбысқа қатысты желі қолданушылары пікір қалдырды.

«Қызды болды дегені қайда? Аман-есен қол-аяғыңды бауырыңа ал, Ерке», «Жаңа ғана сізді босанды, қызды болды деген лентада шыққан, қуанып отырсам сіз үшін, аман-есен босанып, бөпеңізді қолынызға алыңыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары