$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зайсан қаласында жаңа әуежайдың құрылысы басталды

Әуежай ашылғаннан кейін Зайсанға 136 мың турист барады деген болжам бар

Зайсан қаласында жаңа әуежайдың құрылысы басталды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында жаңа әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде.

Жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалды.

Әуежайда алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігімен ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Бұл әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір отандық әуе компания ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ биыл мамандар Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық бес теміржол вокзалын (Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха) жөндейді.

Қазір Зайсанға жыл сайын шамамен 23 мың турист келеді. Әуежай іске қосылып, инфрақұрылым дами түскенде бұл көрсеткіш 136 мың туристке дейін өседі деп күтіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары