25.03.2025, 16:24
Жаңалықтар
Алматыда 15 наурызда жоғалған ер адамның денесі табылды
Ол 37 жаста болған
Фото: instagram.com/_volontery_almaty_lider.kz/
Алматыда 15 наурыз күні із-түзсіз жоғалған 37 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы белгісіз. Волонтерлер ер адамның өлі денесі табылған орынды немесе өлімнің себептерін жарияламады.
Белгілі мәліметтерге сәйкес, 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич Алматыдағы Петровский көшесі, 4-үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды