$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Наурыз, Амал: Маңғыстау облысында есімі мерекеге орай қойылған қанша бүлдіршін бары анықталды

Маңғыстау облысында балаларға жыл сайын Наурыз және Наурызбек есімдері беріледі

Наурыз, Амал: Маңғыстау облысында есімі мерекеге орай қойылған қанша бүлдіршін бары анықталды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында наурыз айындағы ұлттық мейрамдардың құрметіне бүлдіршіндерге қандай есімдер қойылғаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратты Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысында балаларға жыл сайын Наурыз және Наурызбек есімдері беріледі.

Аймақта Наурыз есімі 2022 жылы үш балаға, 2023 жылы екі балаға, 2024 жылы үш балаға берілгенін хабарлады. Наурызбек есімі 2022 жылы алты балаға, 2023 жылы екі балаға, 2024 жылы төрт балаға қойылған. Ал осы жылдың басынан бері мұндай есімдер тіркелмеген.

Сонымен қатар, өңірде Амал мен Амаль есімдері де кездеседі. 2022, 2023, 2024 жылдары бір балаға Амал есімі берілді. Ал Амаль есімі 2022 жылы екі балаға, 2023 жылы үш балаға, 2024 жылы екі балаға берілді. Биыл мұндай есімдер әзірге тіркелген жоқ, деп атап өтті ведомство.

Серіктес жаңалықтары