$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент: Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отыр

Президенттің айтуынша Қазақстанда екі миллионнан астам салық төлеуші бар

Президент: Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отыр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында заңнамадағы олқылықтар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің айтуынша Қазақстанда екі миллионнан астам салық төлеуші бар.

«Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отырғанын мойындау керек. Бұл мәселеге Үкімет те, депутаттар да жете мән бермеген.

Тағы да әдемі көрсеткіштерге әуестеніп кеттік: елімізде екі миллионнан астам салық төлеуші, яғни жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген деседі. Бірақ олардың қандай кәсіпорындар екеніне, қалай пайда болғанына, қанша салық төлейтініне, тіпті оны төлеп жатыр ма, жоқ па дегенге еш талдау жасалмаған. Бірақ құр кінәлаудан іс оңға баспайды.

Енді ахуалды шұғыл түзету қажет. Үкімет пен Парламентке айтарым – заңнамаға жедел түрде тиісті түзетулерді енгізу керек», - дейді мемлекет басшысы.

Ол өз сөзінде салық жүйесіне қатысты ойын айтып, билік бизнеске үнемі қолдау көрсетіп жатқанын айрықша қозғап өтті.

«Әділ әрі тиімді салық жүйесін құру еліміздің болашағына, кейінгі ұрпақтың тұрмысына тікелей әсер ететінін ұғынған жөн.

Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұған күмән болмауға тиіс. Бірақ бизнестің өзі заңды және заңсыз болады. Біз заңды сақтау, тәртіпке бағыну керек деп жатамыз. Ендеше Үкіметтің және жалпы биліктің қолдау шараларының игілігін, бірінші кезекте, адал әрі жауапты, ең бастысы, заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер көруге тиіс.

Салық реформасына келсек, батыл шараларды дәл қазір қабылдау керек. Әйтпесе, бұдан да зор қиындыққа тап боламыз», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары