$ 489.15  533.47  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Еркекке жабысып»: Қайрат Нұртаспен сахнада бірге билеген бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)

Бойжеткеннің өзі әншінің алғаш әні шыққан уақыттан бері жанкүйері екенін айтты

«Еркекке жабысып»: Қайрат Нұртаспен сахнада бірге билеген бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртаспен бірге фотоға түсу үшін сахна үстіне шығып, артынша бірге билеп кеткен бойжеткен сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бойжеткеннің өзі әншінің алғаш әні шыққан уақыттан бері жанкүйері екенін айтты.

«Қайрат Нұртастың «Арман» деген өлеңі шыққаннан бері тыңдаймын. Әр әні хит қой шіркін», - деп жазды әншінің тыңдарманы.

Ал желі қолданушыларының бір бөлігі бойжеткеннің бұл қылығын ұната қойған жоқ.

«Еркекке өздерің жабысып, сосын отырасыңдар, ойбай андай-мұндай деп», «Хайп ұстап алды», «Әпшеме жездем сай болып тұр», «Қазір қыздар әйелі бар ма, жоқ па, қарамайды-ау», «Көзілдірігін шешіп, бір көріп алды, Қайрекең», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртаспен билеген тағы бір бойжеткен сынға қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары