$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Freedom компаниясы 700 млн теңгеге жуық сақтандыру төлемін жасауға міндеттелді

Осылайша квазимемлекеттік сектордың материалдық мүдделері қорғалды

Freedom компаниясы 700 млн теңгеге жуық сақтандыру төлемін жасауға міндеттелді
Фото: istockphoto.com

Freedom Finance Insurance 700 млн теңгеге жуық сақтандыру төлемін жасайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, квазимемлекеттік сектордың материалдық мүдделері қорғалды.

«Қала прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың «Қазарнаулыэкспорт» ШЖҚ РМК-ның «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-ға «Kaz-NJ» ЖШС-ның парашют жабдығын жеткізуге тараптар арасында жасалған мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт шеңберінде орындалмаған міндеттемелері үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімінің күші жойылды

Алматы қалалық сотының Апелляциялық сот алқасы Freedom Finance Insurance СК АҚ-ны 694 млн теңге көлемінде сақтандыру сомасын төлеуге міндеттеу туралы шешім қабылдады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Сол арқылы квазимемлекеттік сектордың материалдық мүдделері қорғалды.

Көрсетілген соманы Серіктестік толық көлемде төледі.

Серіктес жаңалықтары